Пятница, 26.04.2024, 09:47
Приветствую Вас Гость | Регистрация | Вход

Бейсенбина Гүлжанның сайты

Категории раздела
Мои файлы [4]
Меню сайта
Вход на сайт
Поиск
Наш опрос
Бастауыш сыныпта қай пәнді үйде оқытуға қиналасыз?
Всего ответов: 52
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    Каталог файлов

    Главная » Файлы » Мои файлы

    Әдебиеттік оқу 2 сынып
    [ · Скачать удаленно () ] 04.12.2013, 19:57

    Күні:

    Сабақтың тақырыбы: Мектеп- біздің анамыз.Өтебай Тұрманжанов.

    Сабақтың мақсаты:өленді түсініп оқып, ақынның мектепке деген сезімдерін ұға білуге мүмкіндік жасау.Тақырыпты өмірмен ,табиғатпен байланыстыру.

    Күтілетін нәтижелер:

    Пәндік нәтиже:мәнерлі,сезіммен оқуға , оқушының сөздік қорының баюына жағдай  туғызу.

    Жүйелі іс әрекет нәтижесі: мектеп , 1 қыркүйек күнін мерекелік көңіл күймен, айнала табиғатпен ұштастыру арқылы шығармашылық қиялының дамуына мүмкіндік беру.

    Тұлғалық нәтиже: кең байтақ Отанымыздың күзгі әдемілігін адам өмірімен , қуанышы  мен  қымбаттылығын,әсемдігін сезінуге жағдай туғызу.

    Сабақтың көрнекілігі:оқулық кешені, суреттер, плакат, маркер, автордың қысқаша өмірбаяны, портреті.

    Сабақтың барысы:

    1.Қызығушылықты ояту.(1 түрі).

    - Балалар , жылына екі рет болатын бір мереке бар. Ол қай мереке ? (Қоңырау мерекесі).

    Тақтаға немесе плакатқа жазылған мына сөздерді оқып, қоңырау сипатын табу.

    Плакатпен жұмыс.

    Салдыр-сұлдыр, сылдыр-сылдыр, дыңғыр-дыңғыр, гүрс-гүрс, шақыр-шұқыр, даңғыр-дұңғыр, сыңғыр-сыңғыр, күмбір-күмбір, тапыр-тұпыр.

    -Басқа дыбыстар ненін дыбысы болуы мүмкін ?

    - Мына сөз тіркестерін оқып, таңдаған қоңырау дыбыстарына ұйқастыра тіркестіріңдер:

    ------------------------- сазды қоңырау (сыңғырлаған) ;

    ------------------------- сағынышты қоңырау (сылдыр қаққан немесе  сылдырлаған) ;

    ------------------------- күміс қоңырау ( күмбірлеген).

    Оқушылардың қоңырау үнін сипаттап шыққандарын атап өту .

    Сағындырған алғашқы қоңырау мерекесімен оқушыларды құттықтау.

    Бүгін екі-үш мереке қатар келгендей.

    Бірінші мереке – Алтын күздің келуі.

    Екінші мереке –Алғашқы қоңырау мерекесі.

    Үшінші мереке- Оқушылардың  Тілашар мерекесі.

    Осы үш мереке иесі ретінде үш топқа бөлініп отыру.Әр топ өз атына мерекелік көңіл күйде жұмыс жасайды.

    Мысалы , 1-топ күзді, табиғаттағы өзгерістерді бейнелеп, немесе күз туралы тақпақ айтуы мүмкін. Немесе құстар әнін шырқауы мүмкін.... (Топтың шығармашылық белсендігіне байланысты). Екінші топ та өз таңдауына байланысты тапсырманы орындайды. Ал үшінші топ 1- сыныптағы Тілашар күнін еске алып,әңгімелеп береді .

    Жұмыс нітижесі қорытындыланып, жаңа сабаққа байланысты дайындықтар жүргізіледі. Оқушылардың сурет немесе сызба жазулары тақтаға көрнекті түрде ілінеді.

    «Әдебиеттік оқу» пәніне берілген оқу құралдар кешенімен оқушыларды таныстыру.

    Немесе :

    Қызығушылықты ояту( 2-түрі).

    Тарауға берілген суретпен өздерінің жазғандарын байланыстыра әңгімелету.

    -Өздерің жаңа ғана күз келді дедіңдер.Олай болса, мына қимылды білдіретін сөздерді күзбен байланыстырып, сөзбен тіркестіріп, толықтырыңдар.

    -------------------- пісті,                                   ------------------ сағыныпты,

    ------------------- түсті,                                    ---------------- ағылыпты,

    ---------------- ел тасыпты,                            ---------------- қуаныпты,

    ---------------- есік ашыпты,                         ---------------- келеді.

    Ескерту: Қызығушылығын оятуға берілген екі жұмыстың біреуін таңдап алу өзіміздің шешімімізге байланысты.

    2.Мағынаны тану.

    Өлең тақырыбы және автормен таныстыру.

    Өлеңді тізбектей , дауыстап оқу.

    Оқушылардың жазған ойлары мен ақын ойын тірек сұрақтармен салыстыру.

    Сөздікпен жұмыс.

    3.Ойтолғау.

    Дәптердегі тапсырмаларды оқып, орындайды.

    Барлық мерекелік тақырыптағы өлендер бойынша қорытынды жасайды.

    Үйге өлендерді мәнерлеп оқып,дәптердегі тапсырмаларды аяқтауды беруге болады.

     

     

     

     

     

     

     

     

    Күні:

    Тақырыбы: Кітап. Болат Дәулетов.

    Мақсаты: кітап оқудың пайдвсы туралы сөз ете отырып , оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Диалогпен сөйлеуге жаттықтыру.

    Күтілетін нәтижелер:

    Пәндік нәтиже:өлең шумақтарын зерттей оқу арқылы мазмұнын     түсіну,идеясын ашуға мүмкіндік беру.

    Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:сөзді байланыстырып сөйлеу,жеке жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру.

    Тұлғалық нәтиже:кітапты ұқыпты,таза,қаптап ұстау – әр оқушының міндеті екенін түсінуге тәрбиелеу.

    Сабақтың көрнекілігі:( Жыртық кітап мұңы )әңгімесінен сахналық көрініс заттары, (Үлгілі кітаптар) кәрмесін ұйымдастыру.

    Сабақтың барысы:

    Ұйымдастыру кезеңі.

    І.Қызығушылықты ояту.

    1.Азанда шығып,кешке батады.

    2.Құлыптың досы.

    3.( Көп) сөзінің басқаша мағынасы.

    4.Кітапты көп оқыған адам неге жетеді?

    5.Арманға жетудегі асыл жол?

     ( Күн,кілт,артық,арман,талап).

    -Ендеше осы асыл қазынамыз туралы қандай мақал білесіңдер?

    Кітап –алтын сандық:                           Кітап көзі жұмыққа арзан,

    Іші толған қазына,құт,                          көзі ашыққа маржан.

    Оқы,оқы,ойыңа тұт.

                                                                    Кітап-алтын қазына.

    Кітап-білім бұлағы,                               

    Білім-өмір шырағы.                              Кітап –оқығандікі,білім-тоқығандікі.

     

     ІІ.Мағынаны тану.

    -Ал осы кітаптың пайдасы туралы ақын Болат Дәулетов деген екен?

    Өлеңді мәнерлеп оқи отырып ,сөздік жұмысын жүргізу.

    Өлең соңында тапсырмаларды орындау.

    Дәптермен жұмыс.Өлеңнен кітаптың пайдасы туралы теріп жазу.

    Осы кітапты таза ұстамасақ,ақыры неге әкеледі екен,тамашалап көрелік.Алдын ала әзірленген сахналық көрініс.

    ІІІ.Ой толғау

    -Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдің?

    -«Кітап-досым» тақырыбына өз ойыңды жаз.

    Сабақты қорытындылау

    Үй тапсырмасын беру.Кітап туралы қызық әңгіме, ертегі іздеп тауып оқып келу

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Категория: Мои файлы | Добавил: Гульжан
    Просмотров: 7459 | Загрузок: 331 | Комментарии: 10 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 5
    5 Stevenlof  
    0
    podagra co jesc dna alkohol http://seeknet.pl/ - http://seeknet.pl/ dna moczanowa leczenie ziolami podagra

    4 САМАЛ  
    0
    барлык сабак жоспары бар ма?

    3 gulbanu  
    0
    САБАГЫНЫЗ ЖАМАН ЖАЗЫЛГАН

    2 Гульбану  
    0
    сіздің сабақ жоспарыңыз өте жақсы жазылған.Ренжімесеңіз бізге жіберіңізші

    1 Raushan  
    0
    wdswdsd

    Имя *:
    Email *:
    Код *: