Четверг, 25.04.2024, 22:26
Приветствую Вас Гость | Регистрация | Вход

Бейсенбина Гүлжанның сайты

Категории раздела
Мои файлы [4]
Меню сайта
Вход на сайт
Поиск
Наш опрос
Бастауыш сыныпта қай пәнді үйде оқытуға қиналасыз?
Всего ответов: 52
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    Каталог файлов

    Главная » Файлы » Мои файлы

    Әдебиеттік оқу 2 сынып
    [ · Скачать удаленно () ] 04.12.2013, 20:02

    Күні:

    Тақырыбы: Он саусақ. Шона Смаханұлы

    Мақсаты: өлеңнің идеялық мазмұнын ашу арқылы жатқа айту, есте сақтау әдіс-тәсілдерін үйрету

    Күтілетін нәтижелер:

    Пәндік нәтиже:өлең шумақтарын зерттей оқу арқылы мазмұнын     түсіну,идеясын ашуға мүмкіндік беру.

    Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:сөзді байланыстырып сөйлеу,жеке жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру.

    Тұлғалық нәтиже:кітапты ұқыпты,таза,қаптап ұстау – әр оқушының міндеті екенін түсінуге тәрбиелеу.

    Сабақтың көрнекілігі:санамақ түрлері, оқушылардың қолымен тігілген саусақ театрына әзірленген қуыршақтар

    Сабақтың барысы:

    Ұйымдастыру кезеңі.

    І.Қызығушылықты ояту.

    -Бүгін біз бірінші сыныптан бері жаттап келген қол сергіту жаттығуларын еске түсірейік:

    Он саусақ                                      Кел, санайық

    -Бұл санамақтардан білгеніміз-он саусақсыз не бітпейді?

    -Екі қолдың көмегімен не істейміз?

    -Еңбек туралы мақалдар айту.

    -Мына мақалдардың мағынасын қалай түсіндіресің?

    Қолы қимылдағанның аузы қимылдыр

    Аузымен астау шапқан

    Қолымен жаңқа жара алмас

    Демек,

    Қолында өнері бардың,

    Аузында өлеңі бар.

    Ал еңбек жасаған адам көп сөйлегенді жақсы көрмейді, «бос сөзге жіберген асыл уақытыңды іске жұмса» дейді.

    -Осы он саусақтың тағы қандай пайдасы бар екендігі туралы оқулықтағы Шона Смаханұлының «Он саусақ» өлеңінен білеміз.

     ІІ.Мағынаны тану.

    -Автор туралы мәлімет

    Өлеңді шумақтармен мәнерлеп оқу.

    Өлеңде қандай еңбек туралы айтылған? Топтастыру құру.

    Адамның саусақтарынсыз істелінетін жұмыс түрлері болуы мүмкін бе?

    Өлең соңында тапсырмаларды орындау.

    Дәптермен жұмыс.Өлеңнен он саусақтың пайдасы туралы теріп жазу.

    Алдын ала әзірленген сахналық көрініс.

    Сергіту сәті

    ІІІ.Ой толғау

    -Он саусақтың қандай пайдасы туралы білдің?

    Дәптермен жұмыс. Шығарма жазу

    -Оқушылардың жұмыстарын тыңдау, бағалау

    Сабақты мақал, нақыл сөздермен қорытындылау

    Үй тапсырмасын беру.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Категория: Мои файлы | Добавил: Гульжан
    Просмотров: 4193 | Загрузок: 265 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *: